ҰБТ 2017

2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттесттаттау бойынша өзгерістер енгізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық телеарнада тікелей эфирде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы жөнінде түсінік берді.

11 қараша күні ҚР БжҒ министрі Е.Сағадиев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары басшыларының қатысуымен онлайн режимінде селекторлық отырыс өткізіп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы түсінік бергіміз келеді.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы)және оқыту бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны төмендегідей болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды)тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Алтын белгі үміткерлері білімдерін дәлелдеу мақсатында мектепте қорытынды аттестаттау тапсырады.

Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

1 блок:

Математикалық сауаттылық -  Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар).

Оқу сауаттылығы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.).

Қазақстан тарихы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Пәнді білу).

2 блок:

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән) – 1 бейінді пән:  20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.

2 бейінді пән: 20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.

Тестілеу уақыты – 3 сағат 30 минут.

Шекті балл - 50. 

Жарияланған күні: 07-02-2017  



26-09-2017  

11"Ә" сынып оқушыларынан жаңа форматта алынған байқау сынағының қорытындысы (21.04.2017 ж.)

11"Ә"  сынып оқушыларынан жаңа форматта алынған байқау сынағының  қорытындысы (21.04.2017 ж.)  

26-09-2017  

ҰБТ - 2017 нәтижелері

2016-2017  оқу жылында 11- сыныпты 33 оқушымен аяқтадық.  Бұл оқушылар ҰБТ-ны екі кезеңмен тапсырды.  Бірінші кезең нәтижесі бойынша 3 оқушы « Алтын белгі»  белгісіне  ие болды. Олар Жәкіш Мұхамедәли, Еламанова Айгерім және Халиева Нұршат.  Ал ҰБТ-ның екінші кезеңіне 32 оқушы өтініш білдірді.  

20-02-2017  

Құрық орта мектеп-гимназиясында кешегі түлектер, бүгінгі студенттер, яғни болашақ маман иелерімен кездесу өтті

iconҚарақия ауданы, Құрық орта мектеп-гимназиясында кешегі түлектер, бүгінгі студенттер, яғни болашақ маман иелерімен кездесу өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған игі шараның мақсаты: ой бөлісу, пікір алмасу. 

07-02-2017  

ҰБТ 2017

2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттесттаттау бойынша өзгерістер енгізілуде.Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық телеарнада тікелей эфирде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы жөнінде түсінік берді.11 қараша күні ҚР БжҒ министрі Е.Сағадиев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары басшыларының қатысуымен онлайн режимінде селекторлық отырыс өткізіп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы түсінік бергіміз келеді. 

07-02-2017  

Емтихан 2016

11 сыныптар аралығында болатын емтихандардын  кестесі

Соңғы жаңалықтар

"Наурыз - тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі"

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде... ...

29 наурыз 2021
"Қош келдің, әз Наурыз!"

Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беріп, ұлттық құндылықтард ...

20 наурыз 2021
"Қарақия аруы - 2021" аудандық байқауы

"Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ұйымдастырған "Қарақия аруы - 2021" ауда ...

17 наурыз 2021
Оқушылар арасындағы білім сайыстары

«Жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде,  26 ақпан  күні ... ...

05 наурыз 2021
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау... ...

03 наурыз 2021