«Абай жолы – ұлы даланың даналығы» атты оқырмандар конференциясы

«Абай жолы – ұлы даланың даналығы» атты
оқырмандар конференциясы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайға деген құрмет ұрпақты тәрбиелеудің ең тиімді тәсілі. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай арманы – халық арманы. Абайдың өсиет-өнегесі ХХI ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді. Ұрпағымызды Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа, адамдыққа биік адамгершілікке, парасаттылыққа, мәдениеттілікке бастайтын жол.
Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты мектеп кітапханасында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын таныстыру мақсатында «Абай жолы – ұлы даланың даналығы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Бұл шараға мектебіміздің 9 «ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Көбегенов А) қатысты. Оқушылар «Абай жолындағы» оқыған, өздерін толғандырған ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ «Абайдың өмірі туралы не айтасыздар?», «Абай тәрбиесіндегі Зере әжесінің ролі қандай?», «Біз танысқан бөлімдерден Абай қалай танылды?», «Атаның ұлы болма, Адамның ұлы бол, Халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген имандылық ережесі туралы не айтар едіңіздер?, «Толық адам» бейнесін бүгінгі көзқараспен қалай суреттей аласыз? деген сұрақтарға жауап іздеді.

Жазушының ең көлемді әрі аса нәрлі шығармасы – оның Абай туралы романы. Әдебиет сынында үлкен еңбек сіңірген Айқын Нұрхатов роман туралы былай дейді: «Абай жолы романы – қазақ халқының жарты ғасырлық энциклопедиясы». Романның шыққанына да жарты ғасырдан асты. Заманмен бірге жаңарып, бүгінгі ұрпаққа айтар ақылды алыстан іздемей, «Абай жолын» ақтарып жатуымыз тегіннен-тегін емес. Романның өн бойындағы оқиғалар жалғыз Тобықтыдағы өмір емес, бүкіл қазақ елінің жомарт, әділ де тура билік жолдары, шариғат жолы, ән өнері, «күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» дейтін қазақ жолындағы үлкен тойлар, әкеден балаға мирас болар тәрбие жалғастығы, әсем картина, қазақ көшіндей тізбектелген сұлу көріністер.
Мұхтар Әуезовтың Абай туралы бұл эпопеясы, оның өз шығармашылығының ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақ әдебиетінің асқары, ең үздік үлгілерінің бірі болып табылады. 

Жарияланған күні: 25-02-2020  



17-05-2021  

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

icon"Жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы" КММ 2021-2022 оқу жылына 1-гимназия сыныбына үміткерлердің өтінішін қабылдайды. 

04-05-2021  

Құттықтаймыз!!!

icon...

28-04-2021  

Апталық аясындағы шаралар

icon"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылы, 19-23 сәуір аралығында тарих, құқық, музыка, көркем еңбек қоғамдастығының апталығы болып өтті. 

27-04-2021  

Академик Өмірзақ Озғанбай мектебімізде қонақта

iconӘлемдік даналықта айтылғандай, әрбір адам өз өмірінде алдына бір идеал, мақсат қойып, соған ұмтылуы тиіс.  

20-04-2021  

Бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

icon"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының" бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақтар болып өтті.  

19-04-2021  

Облыстық Эколидер байқауы

icon"Жасыл экономика "ғылыми жоба бағыты 

19-04-2021  

Құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар, мұғалімдер!

Өздеріңіз білетіндей 2021 жылғы 13-17 сәуір аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының...

16-04-2021  

Ақберен байқауы

icon8 - 11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық - эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу мақсатында республикалық Ақберен байқауының аудандық кезеңі өтті. 

16-04-2021  

Құттықтаймыз!!!

icon...

14-04-2021  

"Ел үміті" бастамасы аясындағы "Елбасы медалі"

iconР-ның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың...

Соңғы жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

"Жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы" КММ 2021-2022 оқу жылына 1-гимназия сыныбына үміткерлердің өті ...

17 мамыр 2021
Құттықтаймыз!!!

... ...

04 мамыр 2021
Апталық аясындағы шаралар

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылы, 19-23 сә ...

28 сәуір 2021
Академик Өмірзақ Озғанбай мектебімізде қонақта

Әлемдік даналықта айтылғандай, әрбір адам өз өмірінде алдына бір идеал, мақсат қойып, соған ұмтылу ...

27 сәуір 2021
Бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының" бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақтар ...

20 сәуір 2021