«Аялы алақан»
Тақырыбы: «Аялы алақан»
Мақсаты: Әр-отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Дамытушылық: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білу.
Тренинг барысы: 1. Сәлемдесу танысу.
2. Топтық жұмыс.
3. Сергіту сәті
4. Сұрақ-жауап.
5. Қорытынды.
Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата-ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастыққа жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.
1. Сәлемдесу, танысу.
Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сәулемін. Ал, мен аққөңіл Анармен....... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық
Сәлемдесу рәсімі:
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл күйді қалыптастыру. «Сәлем- сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болу керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін. 1. «Еуропалықтар»- қолын қысады. 2. «Жапондықтар»- иіледі. 3. «Оңтүстік африкалықтар» - арқаларымен үйкелеседі. 4. «Солтүстік африкандықтар» -аяқтарымен үйкеліседі. 5. «Замбезиде» Африка- тізе бүгіп, алақандарын соғады екен. 6. Үндістер/ оңтүстік Америка/ алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді. 7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық-саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
2. Ата-аналарды 2-топқа бөлу.
Шығармашылық жұмыс. Постер қорғау.
1-топ «Отбасы аялы алақан мекені»
2-топ «Бақытты отбасы»
Сұрақ-жауап өсиет әңгіме: Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді. Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншық, компьютер, тіптен қымбат телефон алып береді. Бірақ баласы осының қанағаттанбай күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған акшасы бір күндік табысына жеткен күнң бала ата-анасына өтініш жасайды.
- Әке, Ана! Бүгін жұмысқаа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
Қорытынды: Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен отбасындағы аялы алақанымызда тәрбиелеп отырған, отбасындағы жылулық туралы ортаға салып талқыладық. Отбасы, ұшқан ұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Мектеп псиxологы: Сарсен Нұрсұлу Жетекқызы
25-02-2021
Жүрек жылуы" атты вокалистер байқауы

22-02-2021
МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ - МЕКТЕП АЙНАСЫ

22-02-2021

18-02-2021
"Тілші мұғалімдер -2021" олимпиадасы

12-02-2021

09-02-2021

03-02-2021
Недели русского языка и литературы

02-02-2021
"Мен таңдаған мамандық" атты жиын өтті.

01-02-2021

29-01-2021
"Жүзден жүйрік" атты жас мамандар сайысы

Соңғы жаңалықтар

"Алғыс айту" күніне орай "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасына с ...
25 ақпан 2021

сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде тамырын терең жайып... ...
22 ақпан 2021

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында" Сайын Назарбекұлының 80 жылдығына орай... ...
12 ақпан 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz