
«Қуантайын деп едім...» қайырымдылық акциясы
«Құрық орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылының желтоқсан айында жүргізілген «Қуантайын деп едім...» қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің қайырымды бірлестіктері мен ұлағатты ұстаздары және ауылымыздың беделді мекемелері мен ерікті қамқоршыларымыздың атсалысуымен әлеументтік қажеттіліктегі бірнеше оқушылар Жаңа жылдық тәтті сыйлықтармен қамтамасыз етілді.
Мектептің әлеуметтік педагогімен бірге, ерікті жастары Аяз ата мен Ақшақары оқушыларымыздың үйлеріне сыйлықтарды жеткізіп, бала қуанышының куәгері болды.
Атап айтсақ, мектептің қамқоршылық демеушілік есеп шотындағы қаражаттан 31 оқушыға тәтті, жоғары сынып мұғалімдері 20 оқушыға, дене шынықтыру мұғалімдері 10 оқушыға, қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімдері 19 оқушыға, бастауыш сынып мұғалімдері 7 оқушыға тәтті сыйлықтарын тарту етіп, балаларымызды қуантты.
Сонымен бірге осы қайырымдылық акциясына ат салысқан ауылымыздағы «Аудандық білім беру бөлімі» ерекше білімді қажет ететін 7 оқушыны және үйден оқитын 4 оқушы, «Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мекемесі тарапынан 3 оқушы, «Қарақия аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мекемесі тарапынан 10 оқушы және Saxinvest инвестициялық мекемесінің партнерлары Ринат Абдуллин мырза мен Айгүл Долуқызы 15 оқушыға тәтті сыйлықтарын жолдады.
Осы сәтте «Қайырымды қол бата берген ауыздан артық»-демекші қайырымдылық жасап, демеушілік көрсеткен мекеме қызметкерлеріне «Құрық орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі мектебіміздің атынан Үлкен алғыс айтамыз. Мектебіміздің «Қамқоршылық кеңесі» де бұл акцияда ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытты. Жұмыстарыңызға табыс, атқарып жатқан қызметіңізге береке, ізгілік жолындағы игі істеріңізге сәттілік тілейміз. Жаңа жыл әр-біріңіздің шаңырағыңызға жақсылық, қуаныш, ырыс әкелсін!
2021 жылы жаңа бастамаларыңыз көп болсын!
04-01-2021

31-12-2020
«Қуантайын деп едім...» қайырымдылық акциясы

29-12-2020
"Үздік онлайн мектеп - 2020" республикалық конкурсы

25-12-2020
5 - 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада

20-12-2020
"Мың бала", "Елбасы үміті" жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

20-12-2020

20-12-2020
"Зерде" байқауында оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

15-12-2020
"ТІЛШІ МҰҒАЛІМДЕР - 2020" олимпиадасы

14-12-2020

10-12-2020
«Тілші мұғалімдер олимпиадасы» байқауы

Соңғы жаңалықтар

"Құрық орта мектеп-гимназиясы" 2-4 сынып оқушылары арасында, оқушылардың ойлау ұшқырлығын, оқуға ынт ...
04 қаңтар 2021
«Қуантайын деп едім...» қайырымдылық акциясы аясында ...
31 желтоқсан 2020

"Құрық орта мектеп-гимназиясы" 5 - 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық ...
25 желтоқсан 2020
Аудан әкімі Қ.Бековтің қатысуымен Республикалық "Мың бала", "Елбасы үміті" жобасының жеңімпаздарын ...
20 желтоқсан 2020Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz