Қашықтықтан оқытудағы үй жұмысын орындау әдіс-тәсілдері

Қашықтықтан оқытудағы үй жұмысын орындау әдіс-тәсілдері

Оқу тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының алған білімінің терең де, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Қазір оқытудың жаңа тәсілдері қарастылуда. Солардың бірі – сабақ барысында қашықтықтықтан оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Сабақ беруде қазіргі заманның талабына сай әрбір мұғалім тиянақты дайындалып, оқушыларға жан-жақты білім беруде.

Менің қозғау салғалы отырғаным-берген біліміміздің жүйесі барлық бала бойында қаланды ма?

Оқушылардың білімі мен білімдігін зерттеу нәтижесі оқушылардың көпшілігінің қажетті мөлшердегі білімі көлемін меңгермейтіндігін көрсетеді. Мұндай оқушылар саны сыныптан сыныпқа өткен сайын көбейеді береді.

Физикаға оқыту мақсаты, ол бір ғана оқытудың міндеті нәтижесінде жету емес екенін айта кету керек. Сонымен физикадағы әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау.Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі ол нәтижеге жетуге ынталандыру.

Нәтижеге оқушы өзіндік қызмет жасаудағы әдіс – тәсілдері арқылы жетуі мүмкін.

Мәселен, жас сәби өзі жүре бастағанда өзіндік әдістер қолдана бастайды, бір нәрседен ұстау арқылы жүре отырып келесі затқа жету.

Бұған Абайдың қырық үшінші қара сөзі дәлел боларлықтай нақтылай түседі. « Не көрдің, не естідің, әрнешек білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп, қарамаққа тез қозғап жібереді.Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды да пайда бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытыңда қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытында кеш қалып «Әй! Үйтуім керек екен, бүйтуім керек екен» деп, өмір бойы ғафил болып –ақ отырғаның».

Әрбір оқушы ертеңгі сабаққа тиянақты дайындалуға тақырыпты меңгеруге өз әдісін қолданса, оқушыға сабаққа дайындалу қиынға соқпайды.

Мұғалімнің өзіндік әдісі бар, әрбір сабағын бір-біріне ұқсамайтын жан-жақтылықпен өткізуге ізденеді, соны жүзеге асыру тәсілдерін, әдістерін іздейді.

Оқушыны үй тапсырмасын орындауда өз әдіс-тәсілін қолдануға үйрете отырып, кей жағдайда мұғалім де оқушыдан әдіс алу жағдайлары кездеседі немесе мұғалімнің оқушыдан ақпарат алу мүмкіндігі (мүмкіндігі мол оқушылардың интернеттен алған хабарламалары, мазмұны қымбат кітаптардан, физикалық энциклопедиядан алған мәліметтерінен).

Оқушынын өзіндік қызмет жасаудағы әдіс-тәсілін физика пәні бойынша жүйелеп көрейік.

Оқышының үйдегі сабаққа дайындалу бұрышы;

Ата-ана, мұғалім болып оқушының үйдегі сабақ оқуына жағдай туғызуымыз керек. Пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі бағдар берсе, онда ата – ана баласының үйдегі сабаққа дайындалу бұрышын жасауға көмек беруі керек,мектептегі сабақ оқу кабинеттерінің шағын бөлімі болып табылады.

Оқушы бұрышы:

1. Физика оқулығы

2. Физикаға арналған дәптерлер .(Физика оқылығы бойынша жұмысшы дәптері, зертханалық, бақылау жұмысына арналған, өз бетімен жұмыс жасайтын қосымша, әр түрлі тест жұмысының дәптері).

3. Ондық еселік пен бірлік үлестерді шығарып алуға арналған қосымшалар.

4. Д.И. Менделеев кестесі

5. Лабораториялық бұрыш төменгі сыныптан жиналады – әрбір үй физикалық аспаптарға толы , соның ішінде өткен тақырыптарға байланысты аспап үйде де болады, соларды жылма – жыл толықтыру стакан, айна, бұршақ,сызғыш,батареялар, ескі фотопленкалардан бастап радиоқондырғылардағы радиодетальтардың бәрі оқушының ой-өрісін дамытуға пайдасы зор

6. Қосымша физикалық кітаптар, журналдар

7. Физикалық кроссворд жиынтығы ( өздері де құрастырады).

8. Физика бойынша бақылау дәптерін арнау

9. Өз бетімен «Физикалық анықтама» бастау

10. Үйдегі мәліметтермен физикалық есеп құрастыру (мұғалім тапсырмасы бойынша )

Құрық орта – мектеп гимназиясының физика пәні мұғалімі Гульшат Мендикулова. 

Жарияланған күні: 29-04-2020  



01-06-2020  

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

icon1-Маусым балалар күніне орай...

: https://m.facebook.com/100024380312490/posts/pcb.672291486926856/?photo_id=672291143593557&mds=%2Fphotos%2Fviewer%2F%3Fphotoset_token%3Dpcb.672291486926856%26photo%3D672291143593557%26profileid%3D100024380312490%26source%3D49%26refid%3D17%26_ft_%3Dmf_
25-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

17-05-2020  

"ҚОМГ" мектебінің Рамазан айындағы қайырымдылық жұмысы

iconЭкологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. 

15-05-2020  

"Ата-ана. Мектеп. Оқушы. Идеал және шындық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

icon"Құрық орта мектеп-гимназияында" қашықтықтан "ZOOM" бағдарламасы арқылы мектеп басшысы Гүлмира Сәбитқызының ұйымдастыруымен "Ата-ана. Мектеп. Оқушы. Идеал және шындық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

29-04-2020  

Қашықтықтан оқытудағы үй жұмысын орындау әдіс-тәсілдері

iconОқу тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының алған білімінің терең де, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. 

29-04-2020  

Қашықтан оқыту - білімге талпыныс

iconӘлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар бүкіл адамзат баласын дүр сілкіндірді. Еліміздің карантинге жабылуы, барлық жұмыстардың тоқтауы- біздер үшін күтпеген жаңалық еді. 

28-04-2020  

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

iconЕлімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ІV-тоқсан білім алушыларға уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданған болатын.Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де,білім алушылар үшін де оңай шаруа емес,біраз күш қуатты талап ететіні белгілі. 

28-04-2020  

АЛҒЫС АЙТАМЫН!

iconБұл індет Қазақстан халқын да айналып өтпеді. Тарихтың беттерін ақтарсақ, халқымыздың басынан небір зұлмат күндер өткені белгілі. Халқымыз сол қиыншылықтарды асқан төзімділігі мен сарқылмас сабырының арқасында, бірлігі мен ерлігінің арқасында жеңіп отырған. Жұртымыз қашанда бірлік пен тұтастықты бірінші орынға қойған. 

25-04-2020  

Қашықтықтан оқыту – уақыт талабы!

iconБүкіл әлемге тараған COVID-19 пандемиясының салдарынан тұңғыш Елбасы жариялаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінгі таңда «Қашықтықтан оқыту» кезінде шын мәнінде жүзеге асып отыр. Бұл індет келмей тұрып, әлеуметтік желілерді халықтың бірі қолданса, енді бірі аса қатты мән бермейтін еді. Карантин енгізілгеннен бастап білім саласында үлкен өзгеріс орын алды. Уақыттың талабы сол – қайткенде де оқушыларға үйде отырып білім берудің жаңа форматтары жасақталып, кеңінен ұсынылды.  

24-04-2020  

«ОҚУ ҮДЕРІСІ ЖАҢА ФОРМАТТА»

iconҚазіргі таңда бүкіләлемдік пандемия және еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, түрлі қызмет орындары мен білім ошақтары қашықтықтан жұмыс жасап жатқаны белгілі. Осы ретте еліміздің білім мекемелерінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, компьютерлік желілер арқылы жаңа бағыттағы әдістемелерді жүргізу жүзеге асып келеді.  

Соңғы жаңалықтар

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

1-Маусым балалар күніне орай... ...

01 маусым 2020
Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
"ҚОМГ" мектебінің Рамазан айындағы қайырымдылық жұмысы

Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениет ...

17 мамыр 2020
"Ата-ана. Мектеп. Оқушы. Идеал және шындық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

"Құрық орта мектеп-гимназияында" қашықтықтан "ZOOM" бағдарламасы арқылы мектеп басшысы Гүлмира Сәбит ...

15 мамыр 2020
Қашықтықтан оқытудағы үй жұмысын орындау әдіс-тәсілдері

Оқу тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының ...

29 сәуір 2020