КҮЛЛІ АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ХАҚЫНДА...

КҮЛЛІ АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ХАҚЫНДА...

Қазақ халқының руханиятында толағай өзгерістер мен ерекше серпіліс берген Абай шығармалары десек қателеспейміз. Ұлы ақынның туындыларынан ғана мынау маң даланың табиғаты, шөгін шүйлі топырағының иісі, қайталанбас ұлттық ерекшелігі сезіліп тұратыны жасырын емес. Абайдың өзін көрмесек те, сөзін оқып көкірекке тоқу арқылы «феномен» тұлғаның заманынан озып туған дара екенін білу қиындық тудырмайды. Халқымыздың біртуар ұлы, қайталанбас тау тұлғасы Мұхтар Әуезов: «Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда еткен әсері мол. Ақын өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар» - деп баға береді. Расында Абайды оқып, оның шығармаларынан нәр алған қазақ зиялылары, оған жоғары баға беріп «Қазақтың бас ақыны» деп атағаны бекер емес.

Бүгінде Абайдың өресі, қара сөздеріндегі тұщымды ойлары халықтың алдында оның беделін арттырмаса, кемітпейтіні анық. Өз заманында қараша халықтың тағдырына үңіліп, болашағына алаң болғанын білеміз. Оның өлеңдерінен кіршіксіз, таза, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлаған кесек мінезді адам болғанын аңғарамыз.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақынның шығармаларын оқу эстафетасы кеңінен қолдау тапты. Аталған челенджді мектеп оқушылары мен ел азаматтары зор қызығушылық пен оқып, игі бастама әлі жалғасын тауып келеді. «Құрық орта мектеп-гимназиясында» мектеп директоры Гүлмира Сәбитқызы өзі бастап, аталған тәрбиелік үрдісті мектепаралық деңгейде өтуіне үлес қосты десем қателеспеймін.

Қазіргі таңда ұлы ақынның 175 жылдығына орай мектебімізде Абай оқулары өтіп, бай мұрасын таныстыру күн тәртібінен түспей келеді. Елді бірлік пен ынтымаққа, жалғандықтан ада болуға үндеген суреткерді оқушы санасына сіңіру басты мақсат. Өйткені Абайдың жолы, ол қазақтың жолы. Себебі Абай, күллі Алаштың ардақтысы.

Кадиршеева Болғын,
«Құрық орта мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі. 

Жарияланған күні: 24-02-2020  



17-05-2021  

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

icon"Жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы" КММ 2021-2022 оқу жылына 1-гимназия сыныбына үміткерлердің өтінішін қабылдайды. 

04-05-2021  

Құттықтаймыз!!!

icon...

28-04-2021  

Апталық аясындағы шаралар

icon"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылы, 19-23 сәуір аралығында тарих, құқық, музыка, көркем еңбек қоғамдастығының апталығы болып өтті. 

27-04-2021  

Академик Өмірзақ Озғанбай мектебімізде қонақта

iconӘлемдік даналықта айтылғандай, әрбір адам өз өмірінде алдына бір идеал, мақсат қойып, соған ұмтылуы тиіс.  

20-04-2021  

Бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

icon"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының" бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақтар болып өтті.  

19-04-2021  

Облыстық Эколидер байқауы

icon"Жасыл экономика "ғылыми жоба бағыты 

19-04-2021  

Құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар, мұғалімдер!

Өздеріңіз білетіндей 2021 жылғы 13-17 сәуір аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының...

16-04-2021  

Ақберен байқауы

icon8 - 11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық - эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу мақсатында республикалық Ақберен байқауының аудандық кезеңі өтті. 

16-04-2021  

Құттықтаймыз!!!

icon...

14-04-2021  

"Ел үміті" бастамасы аясындағы "Елбасы медалі"

iconР-ның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың...

Соңғы жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

"Жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы" КММ 2021-2022 оқу жылына 1-гимназия сыныбына үміткерлердің өті ...

17 мамыр 2021
Құттықтаймыз!!!

... ...

04 мамыр 2021
Апталық аясындағы шаралар

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылы, 19-23 сә ...

28 сәуір 2021
Академик Өмірзақ Озғанбай мектебімізде қонақта

Әлемдік даналықта айтылғандай, әрбір адам өз өмірінде алдына бір идеал, мақсат қойып, соған ұмтылу ...

27 сәуір 2021
Бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының" бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс сабақтар ...

20 сәуір 2021