МЕКТЕБІМІЗДЕ "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

МЕКТЕБІМІЗДЕ "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

Биылғы оқу жылын дәстүрлі форматта оқитындығы , оқушы, ата-ана, мұғалімдер үшін қуанышты хабар болды деп айтсам артық айтпаған болар едім. Әрбір мұғалім оқушысымен бетпе-бет отырып, білім нәрімен сусындатқанда ғана сапалы нәтиже шығатыны анық.

Былтыр білім беру форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырғаны өздеріңізге белгілі. Аз уақыт ішінде мұғалімдеріміз цифрлық технологияларды қолдана отырып, шұғыл түрде қашықтықтан оқуды ұйымдастырып, шаралар әзірлеу бойынша жүйелі қадамдар жасады. Соның нәтижесі болуы керек оқушылардың білімінде қатты алшақтық байқалмай, оқу жылының қорытынды сапасы 59,5 пайызды құрады.

2020-2021 оқу жылын да мектебіміз сәтті жетістіктермен аяқтады. Жыл бойғы облыстық, республикалық көрсеткіштерге тоқталсақ, 5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадада 3 оқушымыз облыстық деңгейде жеңімпаз атанып, республикалық олимпиада да 6-сынып оқушысы Бисенбекқызы Мадина қазақ тілінен ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Оспанова Ақмарал. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба сайысына 10 оқушы қатысып, 6-ы облыстан жүлделі орындарға ие болса, республикалық кезеңге 4-уі қатысып, 9-сынып оқушысы Көкішова Мөлдір республикадан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Рахметова Элмира.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадаға 36 оқушы қатысып, 19 жүлделі орындарға ие болды. Құқық пәні бойынша Нұрмұратұлы Мадияр облыстан ІІІ орынға ие болып, Ш. Есенов университетінің грантын ұтып алды. "Зерде" байқауының облыстық кезеңінде 3 оқушы І,ІІ орындарға ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша 11-сыныпты 73 оқушы бітірді, оның 4-уі 11 жыл бойы үздік оқып, «Алтын белгі» белгісіне ие болды, олар Гвоздь Натали, Ахметова Ақнұр, Жолдас Әсем және Джұбантұрлы Айзада, оның үшеуі мемлекеттік грант иегерлері атанды. Мектеп бітірушілердің 68% ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, 32 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды. 9-сыныптар бойынша 114 оқушы негізгі орта білім туралы атттестаттарын алып, оның ішінде 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Олар Ерсайынова Жанерке, Бисалиева Эрика, Әбіт Аружан және Бисенбай Ырысбек.

2021-2022 оқу жылын 1Жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы" 1418 оқушымен, 65 сынып комплектісімен бастағалы отырмыз. 1-сынып мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің саны 156, олар 7 сынып комплектісіне біріктірілген. Мектепалды даярлық сыныптарында 6 сынып ашылып, онда 120 тәрбиеленуші бар. Бұл оқушыларға мектептегі 145 мұғалім сабақ береді. Биылғы оқу жылында мектебімізге #22 жас маман қабылданып, оның 15-і тұрақты, 7-уі уақытша, ұстаздар қауымы жас мамандармен толықты.

Биылғы оқу жылы да бірқатар өзгерістермен басталғалы отыр. Білім әлемінің табалдырығын аттаған бүгінгі алдымызда тұрған бүлдіршіндерді, олардың ата-аналарын, ұстаздарды, жанашыр қауымды қуанту бақытына ие болып отырмыз. Білім министрі Асхат Қанатұлының Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесін жаңғырту бастамасымен «Әліппе» оқулығы әзірленіп, ортамызға оралды. Бұл оқулық балаларды оқу-жазуға үйрету қызметімен ғана емес, ғасырдан астам тарихымен де қымбат. Сондықтан «Әліппенің» оралуы – бүкіл еліміз үшін ұлттық рухтың жаңғыруы деп санаймыз. Ең бастысы, «Әліппе» бас ұстазымыздың тапсырмасымен оқу жылының алғашқы күні, яғни бүгін, мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына табысталып, бүлдіршіндеріміздің алғашқы оқулық ұстап қуанғанының куәсі боламыз.

Бүгінгі күні, мектептегі оқу процесіне дайындау жұмыстары аяқталды. Оқу форматын ескере отырып, сабақ кестесі жасалды. Дене шынықтыру сабақтарын қоспағанда, білім алушылар сыныпта болған уақытта бетперде режимі сақталады. Оқу ғимараттары санитарлық талаптарды сақтауға қажетті дезинфекциялық туннельдер, қол термометрі, түгелге дерлік санитайзерлермен қамтамасыз етілген.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Қазіргі таңда шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толтыру өзекті міндетке айналды. Осы олқылықтарды жою үшін, бала үшін, білім саласы үшін дәстүрлі форматтан артық нәрсе жоқ.

Биылғы мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына сәттілік тілейміз! Тағы да Жаңа оқу жылы құтты болсын! 

Жарияланған күні: 01-09-2021  



23-09-2021  

“Тілім менің-тірлігімнің айғағы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

iconАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында...

22-09-2021  

"Өзін-өзі басқару" ұйымының президенттік сайлауы өтті.

icon...

20-09-2021  

*Оқуға құштар мектеп* жобасы

icon...

10-09-2021  

"Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық жарысы

icon...

09-09-2021  

"АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!" акциясы

icon...

01-09-2021  

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

iconлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге ...

01-09-2021  

МЕКТЕБІМІЗДЕ "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

iconБиылғы оқу жылын дәстүрлі форматта оқитындығы , оқушы, ата-ана, мұғалімдер үшін қуанышты хабар болды деп айтсам артық айтпаған болар едім. Әрбір мұғалім оқушысымен бетпе-бет отырып, білім нәрімен сусындатқанда ғана сапалы нәтиже шығатыны анық. 

31-08-2021  

"Әліппе" мектептерге қайта оралады

iconРеспубликалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында...

31-08-2021  

АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ

iconМектебіміздің 3 мұғалімі...

26-08-2021  

Бос орындарға жұмысқа қабылдау комиссиясының отырысы өтті.

iconКонкурсқа келген 28 маман жеке – жеке қабылдаудан өтіп, өз пәндері бойынша берілген теориялық- ситуациялық сұрақтарға жауап беріп...

Соңғы жаңалықтар

“Тілім менің-тірлігімнің айғағы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында... ...

23 қыркүйек 2021