Мектебімізде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Бүгін «Құрық орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Атаулы мерекелік шараға мектеп директоры Гүлмира Сәбитқызы, ардагер ұстазымыз Айханым Төлесбаева және облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Амангелді Аманжанұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Пірімбетова Ырзагүл қатысты.
Атап өтсек, биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болды. 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланса, алдағы келер жыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, сонымен қатар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» І бөлімінде Білімнің салтанат құруы: Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін терең түсінуіміз керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек» деген болатын.
Олай болса, 2019-2020 оқу жылын да зор табыстармен аяқтаймыз деген сенімдеміз.
Өткен оқу жылында шәкірттеріміз аудандық, облыстық сайыстардан жүлделі оралды. Сонымен қатар, биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектеріміз Асқарқызы Айнұр, Арыстан Гүлдана, Берікқызы Әлия «Алтын белгі» иегерлері атанса, Қалдыбай Несібелі «Ерекше аттестатқа» ие болып, 13 түлегіміз мемлекеттік грантқа түсті. 1 оқушымыз 305 грант, 2 оқушымыз «Ерсай» грантын және 2 оқушымыз Облыс әкімінің грантына ие болып, мектеп мәртебесін, ұстаздардың абыройын асқақ етті.
25-02-2021
Жүрек жылуы" атты вокалистер байқауы

22-02-2021
МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ - МЕКТЕП АЙНАСЫ

22-02-2021

18-02-2021
"Тілші мұғалімдер -2021" олимпиадасы

12-02-2021

09-02-2021

03-02-2021
Недели русского языка и литературы

02-02-2021
"Мен таңдаған мамандық" атты жиын өтті.

01-02-2021

29-01-2021
"Жүзден жүйрік" атты жас мамандар сайысы

Соңғы жаңалықтар

"Алғыс айту" күніне орай "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасына с ...
25 ақпан 2021

сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде тамырын терең жайып... ...
22 ақпан 2021

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында" Сайын Назарбекұлының 80 жылдығына орай... ...
12 ақпан 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz