Оқушылар арасындағы білім сайыстары
«Жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 26 ақпан күні 2-4 бастауыш сынып оқушылары арасында, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу бағдарламасымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдет- ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту мақсатында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
4-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Ешмуратова Гулсай «Білімділер сайысы» атты интеллектуалды сайыс өткізді.
Сайысқа 4-сыныптың барлық сыныбынан оқушы қатыстырылды.
Сайысқа әділ баға беру үшін, әділқазылар төрайымы: Бастауыш сыныбының шебер ұстазы Бабаева Жибек Шамгалиқызы. Мүшелері: бастауыш сынып мұғалімі Тукешова Куляш болып тағайындалды.
Әділқазылардың шешімі бойынша: І орын 4 «А» сынып оқушысы Майрамжан Нұрасыл, ІІ орын 4 «Г» сынып оқушысы Иса Нураддин, ІІІ орын 4 «Д» сынып оқушысы Ерденбай Бекнұр.
3-сынып арасында бастауыш сынып мұғалімі Тукешова Куляш «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайысқа 3-сыныптан барлық сегіз сынып оқушысы қатысты.
Интеллектуалдық сайысты әділқазылар бағалап отырды. Әділқазылар төрайымы әдіскер Рахметова Эльмира. Мүшелері: бастауыш сынып мұғалімі Ешмуратова Гулсай. Әділқазылардың шешімі бойынша: І орынға 3 «В» сынып оқушысы Өмірзақ Әлім, ІІ орынға 3 «Б» сынып оқушысы Данебай Мирас, ІІІ орын 3 «Г» сынып оқушысы Асабек Қарақат, 3 «Д» сынып оқушысы Есенқос Анель , 3 «Ж» сынып оқушысы Урынбасар Батима. Ынталандыру 3 «А» сынып оқушысы Нарыбай Сымбат, 3 «Ә» сынып оқушысы Қанберік Арай.
2-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Досмағанбетова Гаухар «Зерде» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Әділқазылар төрайымы әдіскер Рахметова Эльмира, мүшелері шет тілі пәнінің мұғалімі Сарсенова Алина болды. Әділқазылардың шешімі бойынша: Бас жүлде 2 «Е» сынып оқушысы Ағатаев Ғафур, І орын 2 «А» сынып оқушысы Мураталы Бекзат, 2 «Ә» сынып оқушысы Аяпберген Нұрмұхаммед, 2 «Г» сынып оқушысы Мұратбай Сымбат , ІІ орын 2 «Д» сынып оқушысы Нұрланқызы Мариям, ІІІ орын 2 «Б» сынып оқушысы Бидолла Жания, 2 «В» сынып оқушысы Болат Ерасыл, Ынталандыру 2 «Ж» сынып оқушысы Демесова Мадина .
Интеллектуалды сайысқа қатысқан оқушыларға, сынып жетекшілеріне алғысымызды айтамыз. Оқушылар марапатталып, грамоталары табысталды.
29-03-2021
"Наурыз - тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі"

20-03-2021

17-03-2021
"Қарақия аруы - 2021" аудандық байқауы

05-03-2021
Оқушылар арасындағы білім сайыстары

03-03-2021
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау

03-03-2021
"Ана-өмірдің гүлі" атты ән байқауы

27-02-2021

25-02-2021
Жүрек жылуы" атты вокалистер байқауы

22-02-2021
МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ - МЕКТЕП АЙНАСЫ

22-02-2021

Соңғы жаңалықтар

"Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде... ...
29 наурыз 2021
Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беріп, ұлттық құндылықтард ...
20 наурыз 2021
"Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ұйымдастырған "Қарақия аруы - 2021" ауда ...
17 наурыз 2021
«Жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 26 ақпан күні ... ...
05 наурыз 2021
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау... ...
03 наурыз 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz